Siemens неміс компаниясы "Росатоммен" бірлескен жобадан бас тартқысы келмейді

272

Еуропалық компаниялардың "Росатоммен" келісімшарттары жүздеген миллион еуроға бағаланып отыр.  

Siemens неміс компаниясы "Росатоммен" бірлескен жобадан бас тартқысы келмейді Фото: eadaily

Неміс Siemens "Росатоммен" келісімшарт бойынша жұмысын жалғастырады. 

Энергетикалық компанияның басшылығы Венгриядағы жобаны тоқтатпау себебін түсіндірді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Росатоммен" келісімшарттарды орындамауды талап ететін үкіметтік емес ұйымдар бар. Алайда қазір біз шарт бойынша көзделген міндеттемелерімізді орындамай, жобадан шықсақ, ЕО-ның айыппұлына қаламыз", - деді Siemens Energy AG Байқау кеңесінің төрағасы Джо Кезер Welt am Sonntag басылымына.

Төраға Венгриядағы "Росатом" басқаратын "Пакш" атом электр станциясының жаңа энергия блоктарын салу туралы сөз етіп отыр. Siemens жобада қауіпсіздік технологиясын ұсынады.

Джо Кезер қазір олар бас тартқан жағдайда Венгрия атом электр станциясы Қытай технологиясын қолданатынын, ал станцияның өзі Германияға Чернобыль атом электр станциясына қарағанда әлдеқайда жақын екенін түсіндірді.

Greenpeace бұған дейін неміс Siemens Energy мен француз Framatome сияқты еуропалық компаниялардың "Росатоммен" жүздеген миллион еуро келісімшарттары бар екенін және олардың технологиялары болмаса, Ресей мемлекеттік корпорациясының жаңа жобаларының бір бөлігі тоқтап қалатынын көрсететін баяндама жариялаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу