Солтүстік Қазақстан облысында кәмелет жасына толмаған қызды өз үйінде бірнеше ер адам зорлаған

2501

Бұл қылмыс жайында бүгін СҚО прокурорлары ведомствоаралық кеңесте айтты. 

Солтүстік Қазақстан облысында кәмелет жасына толмаған қызды өз үйінде бірнеше ер адам зорлаған Фото: freepik.com

Оқиға 18 қаңтар күні болған. Әйелге спирттік ішімдік ішуге келген "достары" кейін оның қызын зорлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Прокурорлардың пікірінше, бұл қылмыстың алдын алуға болар еді. Бірақ кәмелет жасына толмағандармен жұмыс жөніндегі комиссия өз міндетіне жүрдім-бардым қараған.

"Осы қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы оқиғаның алдында бір ай бұрын мектеп аудандық әкімдік жанындағы кәмелет жасына толмағандар жөніндегі комиссияға ішімдікке салынған әйелді ата-ана құқығынан айыру жөнінде өтінішхат жолдаған. Бірақ комиссия оны дер кезінде қарамай, тек оқиға болғаннан кейін қаңтар айында ғана қараған", - дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу