Сомалиде жойқын су тасқыны басталды

446

Табиғи апаттан 22 адам опат болды  

Сомалиде жойқын су тасқыны басталды Фото: AP

Ұзақ уақыт қуаңшылық зардабын тартқан Сомалиде аяқ астынан нөсер жауды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі The Associated Press-ке сілтеме жасап.

Толастамай жауған жаңбыр салдарынан Шабель өзені арнасына асып, су тасыды. Табиғи апаттан 22 адам қаза тауып, 220 мыңдай адам үйлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды. 

Өңірдегі мемлекеттік мекемелер, мектептер мен ауруханалар жабылды. Осының салдарынан тырысқақ пен безгек дерттерінің тарау қаупі бар.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу