Сотталушылардың изоляторда телефон пайдалануына қатысты тексеру қаншалықты жиі жүргізіледі?

122

Олар тыйым салынған байланыс құралдарын пайдаланды деген күдік болса, тінту жүргізіледі. 

Сотталушылардың изоляторда телефон пайдалануына қатысты тексеру қаншалықты жиі жүргізіледі? Фото: inbusiness.kz

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қылмыстық-атқару жүйесінде тексеру жұмыстары қалай жүргізілетініне байланысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер ведомство өкілінен "Қылмыстық-атқару жүйесі саласында тексеру қалай жүргізіледі? Оның ішінде сотталушылардың ұялы телефон ұстауына қатысты тексерулер жиі жүргізіле ме?" деп сұрады. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сотталғандар, тергеу аясында қамауға алынғандар отыратын мекемелерде ауқымды бейнефиксация енгізіліп жатыр. Бұдан бөлек бізде байланысқа шығуға кедергі келтіретін арнайы құрылғы бар. Тексерулер жүйелі түрде жүргізіледі. Алдын ала ескертілмейді. Егер де сотталғандар немесе тергеу аясындағы адамдардың тыйым салынған байланыс құралдарын пайдаланды деген күдік анықталса, онда тінту жүргізіп, телефондарды алып қоямыз. Өкінішке қарай, мұндай деректер болып тұрады", - деді ол Сенат кулуарында.

Айта кету керек, осыған дейін Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев су тасқыны құрбандарының санына қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу