Су басқан Құлсары бойынша әлеуметтік желіде теріс ақпарат көп – Бектенов

133

Премьер-Министр арандатушыларды заң бойынша жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Су басқан Құлсары бойынша әлеуметтік желіде теріс ақпарат көп – Бектенов Фото: atr.kz

Құлсары қаласында 2920 үй су астында қалды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір Жайық өзені бойынша Батыс Қазақстан облысынан келген суды күтіп отырмыз. Қажетті дамбаларды салып, дайындап қойдық. Құлсары қаласына келсек, Жем өзенінің су деңгейі қазіргі таңда азаюда. 2920 үй Жем өзенінің тасуына байланысты су астында қалды. Қазір осы суды қауіпсіз аймаққа шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 518 үйді, 55 әлеуметтік нысанды су астынан тазартып алдық. Қалған жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Осы аптаның аяғында толығымен бұл жұмыстарды толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді аймақ басшысы Үкімет отырысында. 

Сөзінше, өңірде судың астынан босаған үйлерді, жерлерді дезинфекциялау жұмыстары басталып кеткен. 

"Құлсары бойынша әлеуметтік желілерде теріс ақпарат көп. Халықпен жұмыс істеу керек. Арандатушыларды заң бойынша жауапкершілікке тартыңыздар", - деді Премьер-Министр Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу