Субсидиялауға 6,1 млрд теңгенің өтінімі "күту парағында" тұр

435

Бұл туралы inbusiness.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Субсидиялауға 6,1 млрд теңгенің өтінімі "күту парағында" тұр Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Субсидиялаудың барлық бағыттары бойынша берілген 12 095 өтінімнің ішінен  Ауыл шаруашылығы басқармаларын қарау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 6,1 млрд теңгенің өтінімі  мақұлданып, "күту парағына" жіберілді. Бұл туралы inbusiness.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері журналистерге субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмысы  туралы айтып берді.  АШМ әрдайым осы бағыттағы баламалы ақпараттық жүйелерді дамытуды жақтайтыны және фермерлер gosagro.kz жүйесі тегін, ал qoldau.kz порталы арқылы ақылы негізде өтініш бере алатындығы жоспарланғаны атап өтілді. Алайда, өткен жылы жұмыс істеп тұрған qoldau ақпараттық жүйесінің иелері сол кезде құрылған СБМАЖ-мен тиісті интеграцияны жүргізуден бас тартып,  қызмет көрсетуді тоқтатты. Бұл ретте өзекті тарихи деректер 2023 жылдың наурыз айында ғана берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу