Таныстарының көлігін заңдастырмақ болған Ақмола тұрғыны 3 млн теңгеден айырылды

318

Ер адам алаяқтың арбауына түсті. 

Таныстарының көлігін заңдастырмақ болған Ақмола тұрғыны 3 млн теңгеден айырылды Фото: Inbusiness.kz

Таныстарының көлігін заңдастырмақ болған Ақмола тұрғыны 3 млн теңгеден қағылды, деп жазады inbusiness.kz 716.kz порталына сілтеме жасап.

14 қазан күні Қосшы қаласының полиция басқармасына 42 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш түсті. Ер адам тамыз айында танысына алданып қалғанын, оған  300 000 теңге көлемінде ақша бергенін айтқан.

Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 34 жастағы Қарағанды тұрғынын анықтады. Бүгінгі таңда оның бұл дерекке қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Ақпаратқа сәйкес, жәбірленуші күдіктімен бір жылға жуық уақыт таныс болған. Күдікті шетелдік көліктерді заңдастыра алмай жүргендерге көмектесе алатын танысы туралы айтқан. Зардап шегуші өзінің таныстарына шетелдік көліктерді заңдастыруда көмектеспек болып, олардың барлық қаражатын қаскүнемге сеніп тапсырды. Тамыз айынан бастап алаяқ жәбірленушінің қоңырауларына жауап бермеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу