Тасқын салдарынан жарықсыз отырған ауылдар да бар – Үкімет басшысы

137

Ақтөбе облысында 2 елдімекен көлік қатынасынсыз отыр. 

Тасқын салдарынан жарықсыз отырған ауылдар да бар – Үкімет басшысы Фото: ҚР ТЖМ

Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарынан жарықсыз отырған ауылдарда жөндеу жұмыстарын тездетуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Атырау облысында елді-мекендерді су басып қалу қаупі сақталып отыр. Сондықтан тиісті құрылымдар тасқынға қарсы жұмыстарды жалғастыруы қажет. Әсіресе, Индербор және Махамбет елді-мекендеріндегі жағдайды ерекше бақылауға алу керек. Онда Жайық өзені қауіпті деңгейден асып кетті.
Эвакуациялық бекеттер кез келген уақытта адамдарды қабылдауға дайын болуға тиіс. Күштер мен құралдар да сақадай сай тұруы керек. Су ресурстары министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі Жайық өзеніндегі су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін", - деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов Ақтөбе облысында 2 елді-мекенде әлі күнге дейін көлік қатынасы жоқ екенін айтты. Премьер-Министр аталған өңірде азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің болуын мұқият бақылауға алуды тапсырды.

"Электр жарығынсыз отырған ауылдар да бар. Жөндеу жұмыстарын тездету керек. Сондай-ақ су тасқыны жағдайы тұрақталған өңірлерде әкімдіктер бағалау және жобалау жұмыстарын күшейтуге тиіс. Келтірілген залалды өтеу, оның ішінде үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі барлық шаралар белгіленген мерзімде іске асырылуы қажет. Біз зардап шеккен тұрғындардың мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз етуіміз керек", - деді Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу