Тәжікстаннан жіберілген 56 вагон және 15 фура гуманитарлық көмек Түркістанға жетті

273

Су тасқыны зардап шеккен аймақтарға Тәжікстан Республикасынан 56 вагон, сондай-ақ 15 фура гуманитарлық көмек келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тәжікстаннан жіберілген 56 вагон және 15 фура гуманитарлық көмек Түркістанға жетті Фото: Видеодан алынған кадр

Азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарлары тиелген вагондар Сарыағаш ауданының "Сарыағаш" темір жол станциясына жетті. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің вице-министрі Батырбек Абдышев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Тәжікстан Республикасының өкілдерін күтіп алды.

Сонымен қатар, аталған іс-шараға Сарыағаш ауданындағы тәжік ұлтының диаспорасы, Сарыағаш ауданының ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар қатысып, қиын қыстау кезде көмек беріп, қолдау білдірген Тәжікстан халқына алғыс айтты. 

Айта кетейік, бүгін Өзбекстан Республикасынан гуманитарлық көмек тиелген 15 жүк көлігі Қарағандыға жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу