Теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер ұлғайды

496

Өзгерістер 2022 жылдың 27 қазанынан бастап күшіне енеді. 

Теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер ұлғайды Фото: www.kdif.kz

Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені көтерген соң, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қазан және қараша айлары үшін мерзімсіз депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары бойынша 3 және 6 айға ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді қайта қарады. Осылайша, теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер ұлғайып отыр, деп жазады inbusiness.kz қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кететіні, мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлеме 14%-дан 15,5%-ға дейін өсті. Ал мерзімді депозиттер бойынша 3-6 айға 16,5%-ға жетті.

Айта кетейік, Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу