"Теңізшевройлдан" ел экономикасына қандай пайда түсті

489

Теңіз кен орнындағы Келешекте кеңейту жобасы мен Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасының 93%-ы орындалды.

"Теңізшевройлдан" ел экономикасына қандай пайда түсті

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Теңізшевройл басшылығын Келешекте кеңейту жобасы мен Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын белгіленген мерзімге сәйкес жүзеге асыруға шақырды.

Бұл туралы ведомство басшысы Теңіз кен орнында жобаның жұмысымен танысу барысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Келешекте кеңейту жобасы мен Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасы аяқталуға жақын. Оның 93%-ы орындалды. Жаздың басында "Теңізшевройл" ЖШС-ның барлық зауытын біріктіретін және өндірістік көрсеткіштерді оңтайландыратын Өндірісті бірегей басқару орталығы іске қосылған болатын. Осы жылдың шілдесінен бастап жоба аясында салынуы жоспарланған 4 қондырғының төртінші жаңа өлшеу қондырғысы мұнай қабылдауды бастады. Бұдан бөлек екінші тоқсанда қысымды ұлғайту қондырғысына қуат беретін кіші электр станциясына кернеу берілген.

Болат Ақшолақов Атырау облысына жасаған жұмыс сапары аясында Келешекте кеңейту жобасы мен Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасының іске асуы "Теңізшевройл"-дан республика бюджетіне түсетін түсімдерді арттыратынын айтты.

2022 жылдың 6 айы ішінде "Теңізшевройл" еліміздің экономикасына 7,5 миллиард АҚШ доллар көлемінде пайда әкелді. Бұл бес жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш екенін атап өту керек.

"Бүгіндегі сын-қатерлерге қарамастан, жобаны іске асыру кестесін ұстану маңызды. Бұдан басқа, қазақстандық өндірушілер мен отандық қызметкерлердің әл-ауқатын қамтамасыз ете отырып, қазақстандық қамтуды дамытуға ерекше назар аударуды жалғастыру қажет", – деді Энергетика министрі.

Аталмыш жоба жүзеге асырылған күннен бастап "Теңізшевройл" 14,2 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға отандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алды. Сонымен қатар 25 мыңнан астам адамды оқытқан.

"Бұған дейін, жобаның 408 модулін Теңізге жеткізу үшін ТШО теңіз тасымалының үш жылдық бағдарламасын іске қосқан болатын, оның барысында қазақстандық компанияның пайдалануында 126-дан астам кеме болған, оның 40-ы жаңадан салынған немесе осы жоба үшін арнайы айтарлықтай өзгертілген. Сондай–ақ Каспий теңізі арқылы тасымалдауды дамытуды қолдау мақсатында халықаралық деңгейдегі кәсіби теңізшілерді даярлайтын Қазақстандағы жалғыз оқу орны – ҚБТУ жанындағы Қазақстандық теңіз академиясы (ҚТА) іске қосылды", – деп жазылған хабарламада.

 

 

 

 

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться