Tesla компаниясы Қытайда 80 мыңнан астам электромобильді кері қайтарды

595

Машиналарда бағдарламалық жасақтама мен қауіпсіздік белдіктеріндегі ақауларға байланысты мәселелер туындады. 

Tesla компаниясы Қытайда 80 мыңнан астам электромобильді кері қайтарды Фото: badescott.com

Бұл туралы АҚШ-тағы Мемлекеттік нарықты реттеу басқармасы (State Administration for Market Regulation, SAMR) хабарлады деп жазады inbusiness.kz "Интерфаксқа"сілтеме жасай отырып.

"ҚХР-дан тыс жерде шығарылған 67,7 мыңға жуық Model S және Model X автомобильдері аккумулятордың дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін БҚ проблемаларына байланысты кері қайтарды", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, Tesla Қытайда шығарылған 2,74 мың импортталған Model 3 машинасы мен 10,127 мың автокөлігін кері қайтарды. Мұндай жағдай қауіпсіздік белдіктерін түзету қажеттілігімен байланысты.

Tesla акциялары ағымдағы жылдың басынан бері 48%-ға арзандағанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу