Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды

269

Экс-президентті Республикалық партияның өкілі Клаудия Тенни ұсынды.

Трамп Нобель сыйлығына ұсынылды Фото: CNN

Палата өкілінің айтуынша, АҚШ-тың экс-президенті Таяу Шығыста бейбітшілік келісімдерін жасауда маңызды рөл атқарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Fox News-ке сілтеме жасап.

"Ондаған жылдар бойы бюрократтар, сыртқы саясаттың "кәсіпқойлары" және халықаралық ұйымдар Таяу Шығыста Израиль-Палестина қақтығысын шешпей, бейбіт келісімдер жасау мүмкін емес екенін айтып келеді. Президент Трамп мұның өтірік екенін дәлелдеді", - деді Клаудия Тенни басылымға берген түсініктемесінде.

“Дональд Трамптың дипломатиялық және экономикалық қатынастарды қалыпқа келтіруге бағытталған істері лайықты бағаланбады”, -деп атап өтті Тенни.

Өткен аптада Нью-Йорктегі алқабилер соты Дональд Трампқа қарсы зорлау және жала жабу баптары бойынша шешім қабылдады, онда жәбірленуші жазушы Элизабет жан Кэрролл болды. Алқабилер 83,3 миллион доллар өтемақы төлеу туралы сот шешімін шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу