Тұрғындар депозиттегі ақшасын шетел валютасында сақтай бастаған

975

Қазақстандықтардың шетел валютасындағы депозиті бір айда 8,3% артқан.

Тұрғындар депозиттегі ақшасын шетел валютасында сақтай бастаған

Биыл қарашада шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 9 млрд 
600 млн теңгеге немесе 3,7% өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 0,8% төмендеп (жылдық мәнде өсім – 17,5%), 2021 жылғы қарашаның соңында 25 млрд 790,5 млн теңге болды.

"Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 млрд 66 млн теңгеге дейін 3,6%-ға азайды, жеке тұлғалардың депозиттері 12 млрд 725 млн
теңгеге дейін 2,1%-ға өсті. Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 16 млрд 190,4 млн теңгеге дейін 3,4% азайды, шетел валютасында 9 млрд 600,2 млн теңгеге дейін 3,7%-ға ұлғайды", - деп жазылған хабарламада.

Биыл қарашаның соңында долларландыру деңгейі 37,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 37,3%) болды.

"Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 8 млрд 40,1 млн теңгеге дейін 5,6% төмендеді, шетел валютасында – 5 млрд 26 млн теңгеге дейін 0,2% (заңды тұлғалар депозиттерінің 38,5%) төмендеді. Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 млрд 150,3 млн теңгеге дейін 1,1% төмендеді, шетел валютасында 4 млрд 574,2 млн теңгеге дейін 8,3% өсті (жеке тұлғалар депозиттерінің 35,9%)", - деп жазылған хабарламада.

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,7%-ға төмендеп, 17 млрд 
861 млн теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 млрд 441,1 млн теңге, шетел валютасындағы салымдар 6 млрд 420 млн теңге болды.

"Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылғы қарашада 7,5% (2020 жылғы қарашада – 7,3%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 8,4% (9,3%)", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу