Түркістан облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті

952

Оқиға Абай ауылында болған.  

Түркістан облысында 11 жастағы қыз суға батып кетті Фото: google.com

Түркістан облысы Келес ауданында суға батып кеткен 11 жастағы қыздың денесі табылды,  деп хабарлайды inbusiness.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қыз судан өздігінен шыға алмай қалған. Бұл жағдай оның құрбысының көз алдында болған.

Қыз ойнап жүріп, абайсызда суға құлап кеткен. Кейін денесі оқиға орнынан 5 шақырым жерден табылды.

"Суға батып кеткен қызды іздеуге Төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері, 8 полиция қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың 4 қызметкері және туыстарынан 12 адам жұмылдырылды. Іздеу барысында "Ошақты" каналындағы су уақытша тоқтатылды", делінген Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу