Түркістан облысында ауыл тұрғынынан есірткі табылды

557

Түлкібас ауданының қызметкерлері есірткі затының заңсыз айналымына қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында ауыл тұрғынынан есірткі табылды Фото: Altay News

Портал мәліметінше, Түркістан облысында көшеде өтіп бара жатқан тұрғыннан есірткі табылды. Яғни, арнайы ақпарат бойынша іске кіріскен полицейлер күдіктінің жүрген жерін анықтады.      

Тексеру кезінде ер адамның қалтасынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар полиэтилен пакет табылды. Тәртіп сақшылары тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес, кептірілген марихуана екені анықталды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу