Түркістан облысында шегіртке қаптады

598

Биыл үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді.

Түркістан облысында шегіртке қаптады Фото: Taunews.kz

Түркістан облысында марокколық шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны анықталды. Бұл туралы ауылшаруашылығы министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аймаққа пестицидтер толығымен жеткізіліп, алдағы күндері өңдеу шараларын бастау жоспарланып отыр. Өзге өңірлерде жерді химиялық өңдеу жұмыстары шегірткелердің таралу ошағы анықталған кезде басталады. 

Жалпы биыл шегірткемен күреске республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді. Мамандардың болжамынша, зиянкес 1,6 млн гектардай аумаққа таралуы мүмкін

Әкімдіктермен бірлесіп өңірлерде жедел штабтар құрылып, мониторинг және химиялық өңдеу жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді.

Аумақтарды өңдеуге мамандандырылған техника, оның ішінде жер үсті және әуе көлігі жұмылдырылатын болады.

Басқа аймақтарда жерді химиялық өңдеу жұмыстары шегірткелердің таралу ошақтары анықталған кезде басталады. Көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда бірлескен зерттеулер жүргізілетін болады. Бұл туралы Қазақстанның АШМ-ның мамандары Ресей, Қытай және Өзбекстан мемлекеттеріндегі әріптестерімен алдын ала келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу