Түркістан облысында жолдар мен елдімекендерге су басу қаупі төнді

252

Облыстық әкімдік тиісті үндеу жасады.

Түркістан облысында жолдар мен елдімекендерге су басу қаупі төнді Фото: Pixabay.com

22-23 наурыз күндері Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын болады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“22-23 наурыз аралығында Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын болжамына, сондай-ақ ауа температурасының жоғарлауына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі. Сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін, бұл ретте автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстарды су басу мүмкін”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу