Түркістан облысында жыл басынан бері 16 адам қызылша жұқтырған

900

Түркістан облысында жыл басынан бері қызылшаға күдікпен 16 жағдай тіркелді.  

Түркістан облысында жыл басынан бері 16 адам қызылша жұқтырған Фото: medqaz.com

Оның 15-і зертханалық сараптамада дәлелденген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қызылша ауруына шалдыққандардың негізгі бөлігі – балалар. Олар Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданының тұрғындары.

Мамандардың сөзінше, науқас балалар бұған дейін қызылшаға қарсы екпе алмаған. Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған тұрғындар медициналық бақылауға алынған.

"Эпидемияның алдын алу мақсатында қызылшаға қарсы екпе алмаған өңір тұрғындарын екпе алуға шақырамыз. 17 жасқа дейінгі бала қандай да бір себептермен егілмеген болса, жергілікті емханаларда қызылша ауруының алдын алу үшін екпе алу ұсынылады. Вакцинация тегін" - делінген санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан ақпаратта.

Қазіргі кезде облыстың қоғамдық денсаулық, адами әлеуетті дамыту басқармаларымен бірлесіп, қызылшаға қарсы профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспары жасалған. Мониторингтік топтар құрылып, тұрғындар арасында санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы халықпен күшейтілген ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.

Әсіресе, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында эпиджағдайдың нашарлауын болдырмау үшін санитариялық-эпидемиологиялық шараларды жүргізу және сақтық шараларын ұстану бағытында жұмыстар күшейтілген.

Ауыр жағдайларда қызылша бронхопневмонияға, лимфа түйіндерінің қабынуына, ларингитке, энцефалитке әкелуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу