Түркістанда көпірден секірмекші болған азамат құтқарылды

389

Бұл туралы ІІМ ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Түркістанда көпірден секірмекші болған азамат құтқарылды Фото: polisia.kz

Түнгі сағат 23:30 шамасында Алматы – Термез тас жолында патрульдеп жүрген полицейлер көпірден секіргелі тұрған ер адамды байқап қалады.

Өз-өзіне қол жұмсамақ болған белгісіз адамды көрген Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Бағлан Жораұлы мен Өткір Мэлсұлы оқиға орнына шұғыл жетті.

Қос полицей тездетіп, жоғары көтеріліп, биіктен секірмек болған орта жас шамасындағы ер адамның жанына жақындаған. Оны аман алып қалуға қажетті шараларды іске асырды. Осы сәтте сол жердегі тұрғынның бірі көмекке келіп, ер адамды сөзге айналдырып тұрды. Ал қос полицей көпірге ілініп тұрған тұрғынның екі қолынан күш салып тарта отырып, қауіпсіз жерге шығарып алды.

Тексеру барысында тұрғынның суицид жасауына, масаң күйде болуы мен отбасылық кикілжіңнің әсер еткені белгілі болды. Сондай-ақ көпбалалы әке теріс әрекеті үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай жағдайға жеткізбейтінін айтты.

Алайда полицейлердің шапшаңдығы мен кәсібилігінің арқасында оқиға сәтті аяқталып, азамат отбасына аман-есен тапсырылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу