Түркістандағы көрме: Қазақстан шикізатты терең өңдеуге ден қойып жатыр

148

Көрме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл компанияның экспозициясымен арнайы танысты. 

Түркістандағы көрме: Қазақстан шикізатты терең өңдеуге ден қойып жатыр Фото: Kazakhstan Petrochemical Industries Inc

Түркістанда өткен өнеркәсіп көрмесі Қазақстанның мұнай-химия саласын дамытып, экономиканы әртараптандыру бағытындағы нақты қадамдарын айқындады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Іс-шарада ерекшеленген компаниялардың бірі – Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.

KPI ұсынған өнімдер қатарында полипропилен гранулалары мен олардан жасалған дайын бұйымдар  тұрмыстық заттар, кілемдер, жиһаз бөлшектері мен өндірістік компоненттер болды.

Бұл толық өндірістік циклді – мұнай өндіруден бастап дайын өнімге дейінгі үдерісті нақты көрсетті. Бұған дейін осындай өнімдердің көбі импорттық шикізат негізінде шығарылатын.

Мұнай-химия саласы бүгінде шағын және орта бизнес үшін маңызды шикізат көзіне айналды.

KPI-дің дерегінше, 2022 жылы Қазақстан полипропиленнің 63%-ын шетелден әкелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 17%-ға дейін азайған. Ал 2025 жылдың І тоқсанында импорт үлесі бар болғаны 2%-ды құрады. Осы аралықта отандық өндірістің нарықтағы үлесі 40%-дан 70%-ға өсті.

KPI компаниясы ұсынған өнім ішкі нарыққа ғана емес, технологиялық тұрақтылық пен үнемділікке де жол ашып отыр.

Бұрын Ресей мен Қытайдан келетін полимерлерді жеткізуге 4-6 апта қажет болса, қазір бұл мерзім 2 аптаға дейін қысқарған. Мәселен, Тараздағы "Полиэтилен-Агро" компаниясы KPI өнімін пайдаланып, тұрақты жеткізілім мен өндірістік үнемге қол жеткізген.

Компанияның даму үлгісі халықаралық серіктестікке негізделген. KPI жобасының 40%-ы ресейлік "СИБУР" компаниясына тиесілі, бұл озық технологиялар мен басқару тәжірибесін енгізуге ықпал етті.

KPI қазіргі таңда полипропиленнің түр-түрін ұсынып, отандық өңдеушілерге техникалық қолдау көрсетіп келеді.

Жалпы, Түркістандағы көрме елдегі өндірістің жаңа деңгейге көтеріле бастағанын көрсетті. Қазақстан енді тек шикізат сатушы ел емес, оны терең өңдеп, жоғары қосылған құны бар өнім шығаратын мемлекетке айналып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу