Түркияда бір апта бойы үйінділер астында қалған адам құтқарылды

1392

Ресейден, Беларусь пен Қырғызстаннан келген құтқарушылар тобы жер сілкінісінен 160 сағаттан астам уақыт өткен соң Түркиядағы үйінділерден адамды құтқарды.  

Түркияда бір апта бойы үйінділер астында қалған адам құтқарылды Фото: img8.eadaily.com

Бұл туралы дүйсенбіде inbusiness.kz Ресей ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

"Ресей командасының жұмыс учаскесінде Ресей, Беларусь пен Қырғызстан ТЖМ құтқарушыларының бірлескен күш-жігерінің арқасында Түркияда іздеу-құтқару жұмыстары барысында бір адам құтқарылды. Жер сілкінісінен 160 сағаттан астам уақыт өтті", — деді баспасөз қызметі.

Үйінділерден адамды шығару операциясы төрт сағаттан астам уақытқа созылған. Ресей ТЖМ дәрігерлері зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмекті үйінді астынан шығарылғанға дейін көрсетті. Жәбірленуші жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу