ТЖ жарияланғаннан бері 3 мыңнан астам ақпараттық қауіпсіздік инциденті тіркелді

1012

Кибершабуылдардың басым көпшілігі банктік секторға, электрондық саудаға, ойын интернет-ресурстарына бағытталған.

ТЖ жарияланғаннан бері 3 мыңнан астам ақпараттық қауіпсіздік инциденті тіркелді

Қазақстанда төтенше жағдайды жариялаған күннен бері, KZ-CERT қызметі 3 мыңнан астам ақпараттық қауіпсіздік инцидентін тіркеді.

Компьютерлік инциденттерге әрекет ету орталығының хабарлауынша, инциденттердің ішінде 412 фишинг болыпты, ал 2019 жылдың балама кезеңінде олардың саны бар жоғы 160 болған екен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.

Кибершабуылдардың басым көпшілігі банктік секторға, электрондық саудаға, ойын интернет-ресурстарына бағытталған.

Бұл күнде "үйде отырып жұмыс істеу" тақырыптары күнделікті өмірдің бөлігіне айналды. Халықтың басым көпшілігі оның сенгіштерге арналған тұзақ екенін біледі немесе күдіктенеді, алайда оған жауап беріп, осы тұзаққа түсетіндер саны азаймай отыр.

"Алаяқтар нұсқаны біраз өзгертіп, "үйдегі әлеуметтік табысты" ұсынатын интернет-ресурстарды таратқан. Әр-түрлі әлеуметтік платформаларда жалған аккаунтар құруды, және онда ұсынылған табыс табу барысында жүйе автоматты түрде лүпілдер басып, алаяқтар жасаған тапсырмалар бойынша жаңалықтардың репостын жасайды. Пайдаланушыға нұсқаулыққа сәйкес қарапайым шарттарды орындау ұсынады. Алаяқтардың барлық талаптарын орындағаннан кейін, алынған қаражатты шотқа енгізу туралы ұсыныс түседі. Шот ашу үшін сізден комиссия төлеп, фишингтік интернет-ресурста банк деректемелерін енгізуді сұрайды. Алаяқтық нұсқа шабуылдаушыларға пайдаланушының банктік карта деректемелерін, оның хабарынсыз, қолға алуға мүмкіндік береді",– дейді орталықтан.

KZ-CERT қызметі кибергигиенаның негізгі ережелерін ұстануға және дербес деректерді енгізуде аса зейінді болуға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу