Украина қазақстандық "Жібек жолы" кемесін тұтқындауды талап етті

638

Reuters агенттігінің мәліметінше, Ресей туының астындағы "Жібек жолы" кемесі украинаның 7 мың тонна астығын тиеп әкеткен. Бердянск теңіз сауда портында бидай тиелген "Жібек жолы" кемесі Түркияның Қарасу портына жіберілген. 

Украина қазақстандық "Жібек жолы" кемесін тұтқындауды талап етті

Осыған байланысты Украина Түркиядан "кемені тексеруді, сот-медициналық сараптама үшін астық үлгілерін алуды, астықтың орналасқан жері туралы ақпаратты алып берді" талап етеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Ал қазақстандық "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі ресейлік компания санкциялық шектеулерді қатаң сақтайтынын мәлімдеп отыр.

Айта кетейік, қазақстандық кеменің иесі 2021 жылдың 26 қазанында ресейлік "Грин-Лайн" ЖШС-мен келісім жасасқан. Шарт бойынша, "Жібек жолы" кемесі 2022 жылдың 30 қарашасына дейін ресейлік көлік компаниясында болады. Жалға алушы кеме иесімен жүктің түрін де, оны тасымалдау бағыттарын да келіспейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу