Қазақстандық кемені жалға алған компания санкциялық тізімдерде жоқ – ҚТЖ

611

Ресейлік "Green-Line" ЖШС және оның басшылығы (Шепин А.В., Тихомирова М.В.) АҚШ, ЕО, Ұлыбритания және Канаданың санкциялық тізіміне енбеген және гуманитарлық дәліз арқылы жүреді, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ Баспасөз қызметі.

Қазақстандық кемені жалға алған компания санкциялық тізімдерде жоқ – ҚТЖ

Кеше бірқатар басылымда қазақстандық "ЖІБЕК ЖОЛЫ" кемесімен Бердянск теңіз сауда порты арқылы Украинадан астық экспортталатыны туралы ақпарат жарияланды.

ҚТЖ таратқан хабарламаға сүйенсек, "KTZ Express" АҚ 2021 жылғы 26 қазанда "KTZ Express Shipping" ЖШС ресейлік Green Line LLC компаниясымен бербоут-чартер шартын жасасқан. Шартқа сәйкес "Green Line" ЖШС әрекет ету мерзімі ішінде оларға ешқандай санкциялар қолданылмайтындығына кепілдік береді. Әйтпесе, кеме иесі келісімшарттарды дереу бұзуға құқылы. Бірақ жалға алушы жүктің түрі мен оны тасымалдау бағыттары бойынша кеме иесімен келісуге міндетті емес.

"Green-Line" ЖШС 1999 жылдан бері астық және мұнай трейдері ретіндегі эстониялық Mangelbert OU компаниясымен Украинадан Түркияға астық тасымалдау қызметін көрсетуге ұзақ мерзімді келісімшартқа отырған.

"Mangelbert OU басшысының айтуынша, 2022 жылдың 28 маусымында "ЖІБЕК ЖОЛЫ" кемесі Бердянск теңіз сауда портында (6 927,8 тонна) бидай тиеп, порттан Түркияның Қарасу порты бағытында шықты (болжалды уақыт бойынша кеменің келуі 2022 жылдың 1 шілдесі). Сонымен қатар астықтың украиндық екені, ал тасымалдау украиналық тараптың өтініші бойынша келісілген гуманитарлық дәліз бойынша жүзеге асырылатынына сенімді.

Бұл ретте "KTZ Express" АҚ осы тасымалдауға қатысушылармен, сонымен бірге дипломатиялық миссия өкілдерімен белсенді консультациялар жүргізеді. "KTZ Express" АҚ қолданыстағы санкциялық шектеулерді қатаң сақтауға міндетті екенін жете түсінеді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу