Украина Түркия елшісін "Жібек жолы" кемесіне қатысты түсінік беруге шақырады

493

Украина Түркиядан кемені ұстауды сұраған болатын.

Украина Түркия елшісін "Жібек жолы" кемесіне қатысты түсінік беруге шақырады

Дегенмен жүк кемесі 6 шілде күні түріктің Қарасу портынан шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Украиналықтардан ұрланған астық тиелген ресейлік "Жібек жолы" кемесінің Қарасу порты арқылы кетуге рұқсат берілгеніне өкініш білдіреміз. Осыған дейін түрік билігіне қылмыстық істің дәлелдерін ұсынған болатынбыз. Түркияның Киевтегі елшісі бұл жағдайды түсіндіру үшін Украинаның Сыртқы істер министрлігіне шақырылады", – деп мәлімдеді Украина Сыртқы істер министрлігінің спикері Олег Николенко Facebook парақшасында.

Қазақстанның "Жібек жолы" кемесіне қатысты БАҚ-та тараған ақпаратқа ҚТЖ бұған дейін жауап берген болатын. Сондай-ақ тиісті ведомство басшысының да пікірі белгілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу