Ұлттық банк ЕАЭО-ның бесжылдығына арналған коллекциялық монеталар шығарады

1635

Ұлттық банк ЕАЭО-ның бесжылдығына арналған коллекциялық монеталар шығарады

ҚР Ұлттық банкі 2019 жылғы 21 мамырда номиналы 50 000 және 500 теңгелік алтыннан, номиналы 500 теңгелік күмістен "Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде елтаңба бейнеленген. Монеталарды айналдыра оларға сәйкес келетін номиналдар, "QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY" және "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазбалар, монеталар дайындалған металды, олардың сынамы мен массасын білдіретін жазбалар орналасқан.

Ал сырт жағының (реверсінде) орталық бөлігінде ЕАЭО-ның ресми эмблемасы және соғылған жылын білдіретін "2019" деген сан бейнеленген. Эмблема айналасында интерференциялық түрлі түсті бейнелеу және түсті бояу технологиясын қолдана отырып орындалған таспалы ою-өрнектерден және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің мемлекеттік туларынан композиция орналасқан. Монетаның жоғарғы бөлігінде – ҚР Ұлттық банкінің тауар белгісі (логотипі). Монетаны айналдыра "EÝRAZIALYQ EKONOMIKALYQ ODAQ. 5 JYL" және "ЕВРАЗИЙСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ СОЮЗ. 5 ЛЕТ" деген жазбалар бар.

Коллекциялық монеталар еліміздің аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, сондай-ақ барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу