Ұлттық валютаның әлсіреуіне қандай факторлар әсер етті?

231

Жыл басынан бері теңге бағамы доллар үшін 469,64 теңгеге дейін 1,5%-ға әлсіреді.

Ұлттық валютаның әлсіреуіне қандай факторлар әсер етті? Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Данияр Вагапов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Жыл басынан бері теңге бағамы 1 доллар үшін 469,64 теңгеге дейін 1,5%-ға әлсіреді. Қазан айында 1,1% болды", - деді спикер.

Данияр Вагапов ұлттық валютаның әлсіреуі бірқатар сыртқы және ішкі факторға байланысты екенін жеткізді.

"Біріншіден, доллардың жаһандық нығаюы. Оған АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесінің қатаң ақша-кредит саясаты әсер етіп отыр. Екіншіден, импорттаушылар тарапынан маусымдық сұраныстың артуы. Оған жобаларды іске асыру және бюджет қаражатын игеру циклінің жандануы мен басқа да факторлар ықпал етуде. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансфертті қамтамасыз ету аясында валюта сату теңгеге қолдау көрсетті. Жыл басынан бері 7,5 млрд доллар сатылды", - деді ол.

Қазан айында 1,5 млрд доллар құраған.

"Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына бейрезиденттердің капитал ағыны жыл басынан 267 млн доллар болды. Ұлттық Банк еркін бағам белгілеу режимін ұстана береді, валюталық интервенциялар жүргізбейді", - деп толықтырды Данияр Вагапов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу