Ұлыбритания Гайана аймағына әскери кеме жіберетінін жариялады

240

Бұл мәселе Венесуэламен аумақтық қақтығыс кезінде талқыға салынды. 

Ұлыбритания Гайана аймағына әскери кеме жіберетінін жариялады Фото: inbusiness.kz

Венесуэла президенті Николас Мадуро көршілес Гайанадағы Эссекибо аймағына тағы да шағым түсірді. Өйткені, ол жерлер мұнайға бай. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Голос Америки басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбританияның жарияланған қадамы бұрынғы британдық колонияға дипломатиялық және әскери қолдау көрсетуге бағытталған. Британ Сыртқы істер министрі Дэвид Ратли желтоқсан айының басында Гайанаға барып, егемендік шекараларға түсіністікпен қарау қажет және Лондон Гайананың аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық деңгейде жұмыс істейтінін түсіндірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу