Венада ядролық қауіпсіздік мәселесіне арналған халықаралық конференция өтуде

1115

Венада ядролық қауіпсіздік мәселесіне арналған халықаралық конференция өтуде

Вена қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің "Ядролық қауіпсіздік: міндеттемелер мен әрекеттер" атты халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап egemen.kz жазады.

Осындай әр үш жылда өткізілетін ядро­лық қауіпсіздік мәселелері жөнін­дегі конференция екінші рет ұйым­да­стырылуда. Конференцияға 168 мүше мем­лекет делегациялары, соның ішінде 50 министрлер басқаратын делегациялар қатысуда.

Ал Қазақстан тарапынан конфе­рен­ция­ға еліміздің Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, елші Қайрат Сарыбай бастаған Энергетика министрлігінің және Ұлттық ядролық орталықтың өкілдері барған болатын.

Конференция министрлер сегменті­нің пленарлық отырысынан басталып, ядро­лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мә­се­лелеріне байланысты өткен бірнеше ғы­лыми және техникалық отырыстармен жалғасты. Министрлер декларация­сын тал­қылау мен оның қабылдануы министр­лер сегментінің пленарлық отырысы шеңберіндегі ең маңызды оқиға болып табылды.

Қазақстан делегациясының басшысы өзінің сөзінде еліміздің ядролық қа­русыздану саласындағы жетістіктерін, Қазақ­стан Республикасы мен МАГАТЭ арасындағы ядролық қауіпсіздікті кү­шей­ту бойынша ынтымақтастығын атап өтті. МАГАТЭ-ге мүше мемлекеттер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-отырысында ұсынған және "Әлем. ХХI ғасыр" манифесінде жалғасқан, сон­дай-ақ БҰҰ құжаты ретінде тар­а­тылған бастамаларына назар аударды.  Қа­тысушылар 2017 жылдың екінші жар­­тысында ашылады деп жоспарла­нып отырған МАГАТЭ-нің Төмен байы­тыл­­ған уран банкін Қазақстанда құру жөніндегі жобасының іске асырылу барысы туралы хабардар етілді.

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі кон­ференция жұмысы 9 желтоқсанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу