ВТБ банкі "Артықшылық" кеңселерінің географиясы кеңейді

247

Қазақстандағы ВТБ банкі еліміздегі "Артықшылық" кеңселерінің географиясын кеңейтті.

ВТБ банкі "Артықшылық" кеңселерінің географиясы кеңейді Фото: freepik.com

Атап айтқанда, енді Ақтау, Павлодар, Петропавл, Орал және Өскеменде ауқатты сегменттегі клиенттерге қызмет көрсетудің арнайы аймақтары пайда болды. Бұл мүмкіндікті Қазақстан мен ЕАЭО елдерінің азаматтары пайдалана алады. Сервистің тиімді тұстары қайсы? Және онда қандай операциялар қолжетімді? 

Жыл басында банк Алматы, Астана, Шымкент және Қарағанды қалаларында алғашқы "Артықшылық" кеңселерін іске қосқан болатын. Қазіргі уақытта олардың саны бүкіл ел бойынша тоғызға жетті. Оған себеп халық арасында бұл қызмет түрі кең таралып, ауқатты сегменттің клиенттерінен сұраныс көбейгендіктен дейді, ВТБ Қазақстан өкілдері. 

"Біз Республикада осы форматтың географиясын кеңейтіп жатырмыз. Сервис бірінші кезекте бекітілген менеджермен өзара іс-қимыл жасағысы келетін және жеке қызмет көрсету талаптары мен кассаға қол жеткізгісі келетін салымшыларға бағытталған. Бүгінде банк портфеліндегі "Артықшылық" кеңселерінде салымдар ашқан депозитор-клиенттердің үлесі 5%-ға жетті және тұрақты өсуін жалғастыруда", – дейді Қазақстандағы ВТБ банкінің бөлшек бизнес департаментінің директоры Мария Блбулян.

Айта кетейік, дәл осы "Артықшылық" пакетінің әрбір қолданушысына кез-келген уақытта байланыста отыратын жеке менеджер бекітіледі. Қызмет сонымен қатар пакет ұстаушының отбасы мүшелеріне ақысыз қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, қаржы ұйымы ұсынып отырған жаңа форматтағы қызмет көрсетудің артықшылықтары жетерлік. 

"Артықшылық" Банктің премиум қызметтеріне қолжетімділікті ашады: жеке қызмет көрсету, дербес жағдайлар және сервистің жоғары деңгейі. Арнайы аймақта клиент депозитті, шотты немесе "Мир" картасын ашып, толықтыра алады, рубльді тиімді бағам бойынша сатып алады немесе сата алады. Жеке кассада сіз қолма-қол ақша ала аласыз", – дейді Қазақстандағы ВТБ банкінің бөлшек бизнес департаментінің директоры Мария Блбулян.

"Артықшылық" кеңсесінің жаңа нүктелері пайда болғаннан кейін, әлі бұл көрсеткіш көбеюі мүмкін деп болжап отыр, қаржы ұйымының мамандары. Қазіргі уақытта бұл кеңседегі клиенттер саны бойынша Алматы, Астана және Қарағанды қалалары көш басында. Пакеттің шарттарына қатысты қосымша сұрақтарға жауапты 5050 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу