"X-factor" байқауының гранд-финалисті атанған семейлік әскери қызметкерді жерлестері ұлан-асыр той жасап қарсы алды

479

 Кіші сержант Мерхат Қанапиянов үстінен әскери оркестрдің сүйемелдеуімен қызыл кілем үстінен жүріп өтті. 

"X-factor" байқауының гранд-финалисті атанған семейлік әскери қызметкерді жерлестері ұлан-асыр той жасап қарсы алды Фото: Semey_city_

Өнерпаз іріктеу кезеңнен бастап байқаудың финалына дейін жеткен. Алайда шешуші кезеңде сәттілік жетіспеді. Соған қарамастан жас жігітті туған жерінде жанкүйер болған жақындары мен әріптестері жеңімпаз деп есептейді.

"Байқау кезінде біз Мерхаттың әрбір өнерін тамашалап, іштей жанкүйер болдық. Мерхат өнерді орта жолдан тастамай, Қазақстанның жарық жұлдызы болады деп үміттенемін" - дейді гарнизондық офицерлер үйінің бастығы Болатбек Айтқалиев.

Музыкант бұл жетістігіне өзі еңбек ететін әскери оркестрдің үлесі көп болғанын айтты. Шығармашылық ұжым құрамында үйренген біліктілігі финалға шыққан 9 адамның бірі болуға септескен. 

"Маған жоба кезінде дауыс беріп, қолдаған адамдарға шексіз алғысымды айтамын. Әрі қарай өзімнің әскери қызметімді жалғастырамын. Әрине вокалмен жұмыс жасауды да доғармаймын" - кіші сержант Мерхат Қанапиянов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу