Астанада өтетін машина жасаушылардың форумына 20 елдің өкілі келеді

715

Форумға 20-дан астам мемлекеттен 1000 делегат қатысады.

Астанада өтетін машина жасаушылардың форумына 20 елдің өкілі келеді

20-21 қыркүйекте Астана қаласының EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI форумы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Форумның бірінші күнінде секциялық отырыстар өткізіледі, екінші күн кеңейтілген пленарлық отырысқа арналады.

Секциялық отырыстар барысында қатысушылармен отандық машина жасаудың одан әрі дамуы, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және баға құрудың әлемдік тізбегіне тізілу бойынша практикалық ұсыныстар әзірленетін болады.

Кеңейтілген пленарлық отырыста күні бойы саланы дамытудың ең маңызды және өзекті мәселелері кеңінен талқыланатын болады.

Форумға 20-дан астам мемлекеттен 1000 делегат, оның ішінде жетекші отандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшылары, квазимемлекеттік сектор, даму институттары, бизнес қауымдастықтар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Форум қорытындысы бойынша, 2019-2030 жылдарға арналған Қазақстан машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарының жобасы ұсынылатын болады, ол орта мерзімді кезеңде саланы дамытудың стратегиялық көрінісі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу