"Жалғыз ұлымды әскерге аттандырып, үйіме мәйіті келді": Зар жылаған әке Қорғаныс министріне үндеу жасады

2864

Жас сарбаздың өліміне кім кінәлі?

"Жалғыз ұлымды әскерге аттандырып, үйіме мәйіті келді": Зар жылаған әке Қорғаныс министріне үндеу жасады Фото: inbusiness.kz

Маңғыстау облысында полигондағы жиын кезінде қаза тапқан мерзімді сарбаздың әкесі жағдайдың оқыс оқиға емес екенін айтады. Іс жабылып қалама деп алаңдаған әке Қорғаныс министрінен оқиғаны мұқият тергеуді сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Әкесінің айтуынша, офицер мылтықпен ойнап отырған кезде ұлының бетіне күтпеген жерден оқ атып жіберген болуы мүмкін.

"Ақтауға бара жатырмын. Ұлымды бетінен атып өлтірді. Бұл абайсызда болған жағдай емес. Қару атылып кету үшін сақтандырғыштан алу керек. Бұл абайсызда болмайды. Қазір ол қамауда дейді", – дейді ол.

Әкесі оқиғаны кездейсоқ өлімге жатқызу арқылы істі жабуға тырысуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді.

Ол Қорғаныс министрін шындықты жасыру әрекеттерін болдырмау үшін тергеуді жеке бақылауға алуын сұрады.

"Барлығын толыққанды зерттесе деймін. Қазір Ақтау қалалық тергеу комитетіне барамын. Әрі қарай ұлымның мәйітіне сараптама жасалатын орынға баруым керек", – деп қосты әкесі.

Еске салайық, мерзімді сарбаз Маңғыстау полигонында ауыр жарақат алды. Оқ жарақатын алған сарбаз Ақтау ауруханасына жеткізілді, бірақ жолда, ауруханаға жетпей қайтыс болды. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, өлім қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзу салдарынан болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу