Жамбылда өнеркәсіптік мақсатта ұлу өсіру қолға алынады

1009

Жобаның Орталық Азия елдерінде баламасы жоқ.

Жамбылда өнеркәсіптік мақсатта ұлу өсіру қолға алынады Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Итальяндық "Lumacheria Italiana" компаниясы Жамбыл облысында биыл өнеркәсіптік мақсатта ұлулар өсіруді қолға алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Дәулетқожа Мамыровпен өткен кездесуде компания өкілдері өңір қолайлы климаттық жағдайлармен қамтамасыз етілгенін атап өтіп, бұл өнеркәсіптік бағытта ұлуларды әлемдік нарыққа қарағанда 4 есе арзанға өсіруге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Аталған жоба жергілікті "Meragro" компаниясымен бірлесіп іске асырылатын болады. Итальяндық компания жобаны бірнеше кезеңге бөлуді ұсынды. Атап айтқанда, облыс аумағында ұлулар өсіруді жолға қою, инкубатор салу, олар үшін жем-шөп өндірісін бастау және ұлу етін өңдейтін кәсіпорын салу кезеңдерін қарастырып отыр.

Жоба бойынша алғашқы кезеңдерде инвестиция көлемі 2 миллион еуродан асады. Бастысы, компания жергілікті шаруаларды оқытуға дайын.

Жалпы, косметологияда ұлулар шығаратын қабық пен кілегей шырыш қолданылады. Ал, ұлу еті – бұл ерекше өнім және ол әлем елдерінде үлкен сұранысқа ие.
Айта кетейік, Жамбыл облысы Орталық Азия бойынша ұлуларды алғаш рет өнеркәсіптік өсіретін өңір атанбақ.

Ал, "Lumacheria Italiana" компаниясы ұлулар өндірісінде әлемде көш бастап тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу