Жас журналистерге арналған медиамектеп ашылды

1156

Жас журналистерге арналған медиамектеп ашылды

Атырауда жас журналистерге арналған медиамектеп ашылды, деп хабарлайды khabar.kz.

Жаңа орталық өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің біліктілігін арттыруды көздейді. Осылайша жоғарғы оқу орны студенттері мен оқуды енді бітірген жас журналистердің қалыптасуына жағдай жасалмақ.

Мұнда отандық, шетелдік тәжірибелі қалам иелерінің қатысуымен семинар-кеңестер, тренингтер ұйымдастырылады. Әсіресе электронды ақпарат қызметкерлерін дайындауға  басымдық беріледі. Соңғы жылдары мұнайлы өңірдің ақпарат нарығында жаңа телеарналар мен сайттар пайда бола бастады. Енді олар өздеріне қажет мамандарды осы жерден дайындайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу