Тимур Рахымжанов еш ойланбастан суға түсіп, балаға қарай жүзіп барған. Ол 7 жастағы баланы қауіпсіз жерге шығарып, кейін ата-анасымен байланысып, баланы жақындарына тапсырған.
ТЖД өкілдерінің айтуынша, жаттықтырушының жедел әрекеті мен батылдығы баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берген.
"Тимур Рахымжанов қиын сәтте тез шешім қабылдап, өз өміріне қауіп төнсе де, балаға көмек көрсетуге асықты. Оның батылдығы мен азаматтық ұстанымы үлгі боларлық", – деп атап өтті ТЖД басшылығы.
Батылдығы мен ерлігі үшін Тимур Рахымжанов Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде арнайы марапатқа ие болды.