Жеке көліктер үшін Үлкен Алматы көліне баратын жол қайта жабылды

412

Қызметтік міндеттемелерді орындау үшін жүріп өтуге ғана рұқсат бар.

Жеке көліктер үшін Үлкен Алматы көліне баратын жол қайта жабылды Фото: inbusiness.kz

Жеке көліктер үшін Үлкен Алматы көліне баратын жол қайтадан жабылды. Бұл туралы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәртіп пен тазалықты сақтау мақсатымен Р-22 "Алматы-Космостанция" күре жолында (15-34 шақырымдары аралығы) көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".

Қызметтік міндеттемелерді орындау үшін жүріп өтуге рұқсат етіледі (бекітілген тізімге сәйкес және тек қызметтік автокөлікпен):

-           Ұлттық саябақ қызметі,

-           шекара заставасы,

-           "Космостанция" ғылыми базасы,

-           метеорологиялық және гидрологиялық қызметтер, 

-           Алматы қаласының туризм басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу