Жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан адам анықталды

436

Алматылық полицейлер жер сілкінісі туралы фейк таратқан тағы бір адамды тапты.

Жер сілкінісі туралы жалған ақпарат таратқан адам анықталды Фото: pxhere.com

Полицейлер алматылықтарды шошытқан жалған хаттардың бірінің авторын анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Таратылған хабарламада күшті жер сілкінісінен кейін одан да жойқын жер сілкінісі болатыны айтылған.

Полицейлердің мәліметінше, қоғамда және әлеуметтік желілерде негізсіз үрей тудырған жалған хабарламалардың авторларын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Жалған хабарлама таратқандардың бірі анықталды. Ол 1995 жылы туған әйел екен. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу