Жеті облыстың тұрғындары әлеуметтік көмірді мобильді қосымша арқылы сатып ала алады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мобильді банк платформасына операторларды қосу бойынша жұмысты жалғастыруда. 

Жеті облыстың тұрғындары әлеуметтік көмірді мобильді қосымша арқылы сатып ала алады Фото: inbusiness.kz

"Бүгінгі таңда еліміздің 11 өңірлік операторы мобильді банк арқылы көмірді саудалауда. Ендігі кезекте жаңа пилоттық жобаға Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы қосылды", – деп хабарлады министрлік.

Интернет арқылы сатып алынған көмірдің сапасы көңілден шықпаған жағдайда, сатып алушылар тауарды қайтарып беруге құқылы екенін атап өткен жөн. Жүктелетін көмірдің сапасына көз жеткізгеннен кейін тұрғындар қатты отынды өздеріне ыңғайлы уақытта алып кете алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу