"Жоқ, бұл бала сөз түсінбейді": Танымал ақын Төреғали Төреәліні сотқа бермек

18897

Ақын әлеуметтік желідегі парақшасына әннің түпнұсқасын жазып, оқырмандарымен бөлісті.

"Жоқ, бұл бала сөз түсінбейді": Танымал ақын Төреғали Төреәліні сотқа бермек

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мұнайдар Балмолда танымал эстрада әншісі Төреғали Төреәлі оның "Қазақтың жылқылары" деген әнін иемденіп алғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы ақын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, "Қазақтың жылқылары" атты өлеңіне композитор Алтынбек Каресов ән жазған.

Бұл ән 2019 жылдың ақпан айында жарық көрген. "Бөріде не арман бар" кітабына енген.

"Төреғали Төреәлінің көзі түсіпті. Түскені құрсын, ұрлап алып, сөзін жоқ қылып, оның орнына Қайнар Алакөзовке сөз жазғызып алып, бір қожалықтың әні қылып, айтып жүр екен! Tik-tok-тан бір байқап қалып, ескерту жасадым. Жақсылықпен қоя қой, менің авторлық құқыма қолыңды сұқпа деп! Жоқ, бұл бала сөзді түсінбейтін болып тұр.  Youtube арнасында, өзінің парағында осы ән тұр деп маған жігіттер хабарласып жатыр. Бұл әнші жігіт Алтынбекке (композиторға) хабарласып, әнді сұрапты. Алтынбек өзінің келісетінін, бірақ Мұнайдар ағамнан рұқсат сұраңыз депті. Ал Төреғали мені адам екен демеген, ағам екен демеген, өзім білемге салыпты. Ал осынысы дұрыс па? Менен сұраған да жоқ. Мен рұқсат бермейтін де едім. Сөзін өзгертпей айтса, онда ойланатын едім. Ол менің сөзімді жоқ қылған ғой. Ән өлеңіме бола туды, соған арнайы жазылды.  Бірінші өлең туды, соған менің тапсырысыммен ән жазылды. Сонда бұл әннің авторы кім? Сотқа берсем ше? Менің әнімді рұқсатымсыз алғаны аздай, онымен өзіне жалған абырой жинап жүр. Мұғалжар жылқысы жайлы әндетіп, біреулерден ақша алып, мейманасы тасып тұрған болар. Осылай менің Қазақтың жылқыларына, яки ұлтымыздың, халқымыздың асыл жануарына арнаған әнімді таптап өтпекші, жоқ қылмақшы", - дейді Мұнайдар Балмолда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу