Жүгенсіз кеткен риэлторларға қатысты талаптар қашан қатаңдатылады?

241

Сенатта риэлторлық қызметті реттейтін заңнама құрастыру туралы айтыла бастады. 

Жүгенсіз кеткен риэлторларға қатысты талаптар қашан қатаңдатылады? Фото: canva.com

Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда соңғы үш жылда жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату операцияларының саны шамамен 1,5 миллион теңгені құрады. Krisha.kz сайтындағы жылжымайтын мүлікті сату туралы хабарландырулардың кем дегенде жартысын риэлторлар жариялаған. Яғни, қазақстандықтардың көбіне амалы қалмайды және олар риэлторлармен жұмыс істеуге мәжбүр.

Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтың айтуынша, мемлекетте риэлторларды да, арбитраждық соттарды да бақылаудың ешқандай құралдары жоқ, бұл азаматтардың құқықтарын қорғауды толық қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ дегенді білдіреді.

"Клиенттерге арналған "құлдық жағдайлары", кейбір "ерекше келісімдер" меншік иелерін өз мүлкіне билік ету құқығынан айырады.

Қазақстандықтар "арбитраждық баптан" көп зардап шегеді. Бұл барлық жанжалдар тек арбитражда, яғни жеке сотта шешіледі деген сөз. Бірақ, судьялардан айырмашылығы, арбитрлер ешқандай жауапкершілік көтермейді және оларды сөз байласудан, сыбайластықтан, алдау мен алаяқтықтан ештеңе тоқтата алмайды. Арбитражда шешілетін барлық даулар риэлторлық компаниялардың пайдасына шешілді (арбитраждық шешімдер қоса жолданады)", - деді депутат. 

Әсіре 2022 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Ресей Федерациясындағы жағдайға байланысты Қазақстанға келген ресейліктер ағыны риэлторлық қызметтің жүгенсіз кеткенін, бұл салада ешқандай бақылаудың жоқтығын көрсетті.

Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Қазақстанда риэлторлық қызметті реттеу жоқ екенін және ешқандай талаптар көзделмегенін, сондықтан жағдайды ретке келтіру керек екенін атап өтті. 

"Бастама, естеріңізде болса, 2022 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Астанада, басқа қалаларда пәтерлерді, үйлерді, қонақүйлерді жалға алуға клиенттердің қызығушылығы артып, үлкен дүрбелең болған жағдаймен байланысты болды. Ресей Федерациясындағы жұмылдыруға байланысты ресейліктердің Қазақстанға ағылғанда риэлторлар клиенттермен келісімшарттар негізсіз бұзып, басқалармен келісімшарттар жасағандарын көрдік", - еді Тимур Жақсылықов.

Пәтерді жалға алу құнынан бөлек, оны сатып алу кезіндегі риэлторлық қызметті де ешкім бақыламайды, сондықтан мұндай қызметті ұсынатын компаниялар ойларына келген баға саясатын жүргізіп келеді. Екі тараппен де (сатушы, сатып алушы) келісімшарт жасалып, қарапайым krisha.kz сайты арқылы делдалдық жасағаны үшін компания әрқайсысынан 380-400 мың көлемінде пайда көреді. 

Алайда, қанша клиенттің жосықсыз риэлторлардың құрбаны болғандығы туралы арнайы статистика жоқ, өйткені бұл қызмет реттелмейді. Сол себепті бүгінде Сенатта риэлторлық қызметті реттейтін заңнаманы құрастыру ұсынылды. 

"Әзірге бұл тек бастама, заңнаманың нақты қаңқасы жоқ. Біз жұмысты енді бастадық. Қазір риэлторлармен, тұтынушылармен жұмыс істеп жатырмыз, қандай қажеттіліктер, қандай заңнама керектігін түсінуге тырысып бағудамыз. Сондықтан қазір ауыз толтырып бір нәрсе айтуға ерте. Ең бастысы, нарыққа қатысушылардың — клиенттердің, риэлторлардың құқықтары мен міндеттерін нақты белгілеу. Қазір қағаз бетінде ештеңе жазылмаған. Бұл шарттарды әркім өз білгенінше жасайды. Клиенттер, тұтынушылар өз құқықтарын білмейді, риэлторлар көбінесе соны пайдаланып жатады", - деді Сенат депутаты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу