Жыл сайын жұмыс барысында 200-ден аса адам мерт болады

245

Қазақстанда  жалпы 500 мыңға жуық адам зиянды еңбек жағдайларында  жұмыс істейді. 

Жыл сайын жұмыс барысында 200-ден аса адам мерт болады Фото: inbusiness.kz

Оның ішінде, 2 мыңға жуық адам   жұмыс барысында жарақат алады, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР Премьер-Министр Әлихан Смайылов баяндамасына сілтеме жасап.

"Экономикалық ынтымақтастық   және даму ұйымы елдерінде   бұл көрсеткіш   өндірістік процестерді автоматтандыру   және қауіпсіздік техникасы деңгейін   арттыру есебінен   жыл сайын азайып келеді.

Ал бізде   өндірістік жарақат алу көрсеткіші біршама жоғары екенін  атап өтуге тура келеді. Елімізде   жыл сайын 2 мыңға жуық адам  жұмыс барысында жарақат алады.

Оның ішінде  200-ден астам адам  мерт болады", — деп түсіндірді Премьер-Министр.

Мысалы, биыл  "Қазақмыс" компаниясында өндірістік жарақат алу көрсеткіші   өткен жылмен салыстырғанда 3 есе артқан.  Бұрынғы "АрселорМиттал Теміртауда" соңы адам өлімімен аяқталған   қайғылы жағдайлардың саны 7 еседен астам өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу