2017 жылы мұнай өндірісі қысқарады

Куралай Абылгазина Куралай Абылгазина
13916

Шындығында, өндіріс төмендемейді, керісінше, арта түседі.

2017 жылы мұнай өндірісі қысқарады

Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. Бұндай шешім ОПЕК-ке кірмейтін елдердің 10 желтоқсанда Венадағы бас қосуында қабылданды. Айталық, жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде картельден тыс 11 ел мұнай өндіруді қысқарту келісіміне қосылды. ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттердің ішінде жалғыз Боливия ғана Келісімнен бас тартты. Келісімге қосылған елдердің қатарында Әзірбайжан, Бахрейн, Бруней, Экваториалды Гвинея, Қазақстан, Малайзия, Мексика, Оман, Ресей, Судан Республикасы мен Оңтүстік Судан Республикасы бар.

"Сенбі күні Венада ОПЕК-тің мүшелігінде жоқ елдер мұнай өндіруді тәулігіне 20 мың баррельге дейін төменедетуге келіскен соң, олардың қатарында біз де бармыз, мұнайдың бағасы 57 долларға көтерілді. Бұл өзгерісті жағдайдың жақсарғаны деп бағаладық. Келесі жыл биылға қарағанда табысты болады деп үміттенеміз", – дейді министрлер кабинетінің басшысы.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ОПЕК-пен жасалған келісімнің аясында Қазақстан мұнай өндірісін қалай азайтатынын нақтылады. Көмірсутекті өндірісін қысқарту міндеттемесі Қашаған, Қарашығанақ пен Теңіз секілді ірі кен орындарына қатысты болмайтынын айта кеткен жөн.

Министрдің айтуынша, Қазақстан мұнай көлемін ескі кен орындарындағы өндіру жұмыстарының өздігінен төмендеу есебінен қысқартпақ. Әзірге еліміз тәулігіне 20 мың баррель өндіруге келісіп отыр. Қалай дегенмен, Қашаған іске қосылғанда мұнай өндіру көлемі артады. Жылдың аяғына дейін шельфті кен орнында 1 млн тонна, ал келесі жылы 8,9 млн тонна (одан кейінгі жылдары 13 млн тоннаға дейін жеткізіп) мұнай өндіру көзделіп отыр.

Еске салсақ, Қазақстан 2015 жылы 70,5 млн тонна мұнай өндірген болатын. 2016 жылы өндіріс көлемін 75,5 млн тонна, ал 2017 жылы 79,5 млн тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Сөйтіп, 2020 жылға қарай біртіндеп 86,5 млн тоннаға жету межеленіп отыр. Қысқарту ненің есебінен жүреді? Өндірісте ай сайын 10 мың баррельдей ауытқушылық болары анық. Сонымен қатар, Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы кейбір кеніштерде мұнай өндіру көлемі азайып жатқаны белгілі. Батыс Қазақстандағы екі кен орны жыл басында мұнай өндірісін арттыруға тиіс еді, алайда, жоспарымызды екінші жартыжылдыққа шегеруге тура келді", – дейді ол.

"Желтоқсанның екінші жартысында теңгерім мен кесте әзірлеп, мұнай өндіретін компаниялардың назарына жеткіземіз. Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз секілді ірі жобаларда ешқандай қысқарту болмайды", – деп тағы да нақтылап өтті Энергетика министрі.

Қанат Бозымбаев Венада өткен келіссөздерге қатысқан елдер Қазақстаның өндіріс көлемін ұлғайту жайлы мәлімдемесін күткенін айтады.

"ОПЕК-ке кірмейтін 11 елдің ішінде Қазақстан мұнай өндірісі жөнінен Мексикадан кейін екінші орында тұр. Сол себепті, еліміздің атқаратын рөлі маңызды. Көпшілік Қазақстаннан биылғы қараша мен желтоқсан айларына қарағанда анағұрлым көп мұнай өндіретіні жайлы мәлімдемесін күткен болатын. Қараша айында елімізде мұнай өндірісі рекордтық деңгейге жетті. Бұған Қарашығанақ пен Теңіз кеніштерін күрделі жөндеуден өткізгеннен кейін қол жетіп отыр. Сонымен қатар, өздеріңіз білесіздер, Қарашығанақ іске қосылып, күніне 120 баррель өндіре бастады", – деп сөзін қорытты Энегетика министрі.

Дүниежүзілік агенттіктердің мәліметтеріне жүгінсек, 11 елдің жалпы мұнай өндірісі тәулігіне 558 мың баррельге қысқарады, яғни, бұл көрсеткіш бастапқыда көзделген 600 мың баррельден аздау болып тұр.

Оның 300 баррелі соңғы жылдары жоғары көлемде мұнай өндіріп жүрген Ресейге тиесілі. Мұнай картеліне кіретін елдер 30 қарашада кездесіп, өндірісті тәулігіне 1,2 млн баррельге қысқартуға уағдаласты.

Өндірісті қысқарту есебінен мұнай нарығындағы ұсыныстың төмендеуі туралы ақпараттарда қара алтынның бағасы екі аптадан бері өсіп жатқаны айтылады.

Ақпан айында жеткізілетін Brent мұнайының баррелі 57,16 доллардан сатылатыны жөніндегі келісімшарт саудаға шығарылды. Сөйтіп, 29 қарашадан бері (бір баррелі 47,32 доллар) мұнай бағасы 20% қымбаттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу