Германия Қазақстанға мұнай мен газдан бас тартпауды ұсынды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
2422

Қазақстанның ЖЭК-ке көшуі кешенді түрде және бірте-бірте іске асуы керек.

Германия Қазақстанға мұнай мен газдан бас тартпауды ұсынды

Германия экономика және энергетика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Уве Бекмайер Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін дамыту барысында (ЖЭК) Германияның тәжірибесіне сүйенгені   дұрыс деп есептейді. Германия кезінде көмір өндіруден бас тартқанмен де, мұнай мен газдың импортын сақтап қалған болатын.

Сөз арасында шетелдік азамат ЖЭК электр энергиясына арналған бәсекелестік тарифке қол жеткізудегі мемлекеттің рөліне еш нұсқан келтірмейтінін айтты.

"Ең маңыздысы өзін-өзі реттейтін ережелер. Мысалы Марокко мен БАӘ-де, сондай-ақ былтырғы жылы Германияда өткен жел энергиясын қолдануға қатысты байқау бір кВт үшін үш цент төлейтін бағаны жасауға болатынын көрсетті. Яғни соңғы жылдарда қол жеткізген  инновацияларға қатысты дұрыс саясаттың арқасында инвесторлардың мемлекеттің қосымша қолдауынсыз-ақ нарық бағасымен жаңартылатын энергия көздеріне арналған электр станцияларын салуына қол жеткіздік. Бұл бизнес үшін мүмкіндіктің бар екенін көрсетеді", – деді Уве Бекмайер.

Мемлекеттік хатшы ЖЭК-ті салуға кеткен қысқамерзімді шығындарды ұзақмерзімді режимде қайтарып алуға болатынын айтты.

"Қазақстан өзінің қайта құрылған энергетика жүйесін  future energy деген тақырыппен  ЕХРО көрмесінде көпшілік назарына ұсынды. Мен мұны өте жоғары бағалаймын. Өйткені бюджеті мен экономикасы энергия көздері қазбаларын өндіруге тәуелді ел, әрине үлкен кедергілерден өтуі керек. Біз бұны энергия тасымалдаушыларды қысқартқан кездегі өз тәжірибемізден білеміз. Бұл тас және қоңыр көмір. Әрине бұл өте кешенді және ұзақ процесс. Ең бастысы, бұл міндет нақты және дәйекті түрде шешілуі керек", – деді ол.  

Сонымен бірге Уве Бекмайер бұрынғы қолданып жүрген дәстүрлі энергия көздерінен де бас тартуға болмайтынын айтты. Германия жел және күн электр станцияларын жақсы дамытып, оларды жоғары кепілді тарифтермен ұстап отыр. Осымен атомдық энергетиканы дамытуды ұстап тұр. Алайда Германия мұнай мен газды жақсы сатып алуда. Олар мұнай мен газды Қазақстаннан да сатып алады, оның айтуынша, біздің ел ГФР үшін мұнай мен газ жеткізуде төрінші орында тұр.

"Энергетика жүйесін қайта құру мұнай мен газдан бас тарту деген сөз емес. Қазақстан мұнай жеткізу көлемі бойынша  төртінші орында тұр, осылайша, біздің елдің энергия қауіпсіздігіне үлкен пайда әкеліп отыр. Статистикаға қарайтын болсақ, Қазақстанға мұнайды басқа елге де жеткізуге болады. Бірақ та олар бізге жеткізіп отыр, бізде мұны жақсы бағалаймыз. Сондай-ақ газ саласы мен біздің сауда қарым-қатынасымызда Германия Оңтүстік газ дәлізі құрылысын салу мен кеңейтуді қолдап отыр. Себебі газдан энергия өндіру кез келген жаңартылатын энергия түріне нақты тұрақтылық беруде маңызды рөл атқаруы мүмкін", – деді Уве Бекмайер.

Оның пікірінше, Германия мен Қазақстан бір-бірін жақсы біледі.

"Өзара сенім энергетика саласындағы ынтамақтастығымыздың келешегі үшін жақсы жағдай жасайды. Сонымен қатар ынтымақтастығымызды алдағы он жылда біз үшін маңызды болатын салалар бойынша нығайтады", – деді мемлекеттік хатшы.

Ол Германияда энергия тиімділігі жаңартылатын энергия көздерін дамытудан кейінгі екінші орында екенін атап кетті.

ҚР инвестиция және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев жаңартылатын энергия көздеріне көшу дамыған елдерге экономика бәсекелестігі, ғылымды дамыту және жаңа бастамаларды енгізуге мүмкіндік бергенін айтып өтті.

Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметіне сүйенетін болсақ, 2015 жылдың қорытындысы бойынша энергия тиімділікке салынған қаржының өсуі 6% болған, ал салынған жалпы инвестиция көлемі 221 млрд долларға жеткен.

"Жаңартылатын энергия көздерін өндіру 2014 жылмен салыстырғанда 33%-ға өскен, яғни қазіргі уақытта энергетика секторы энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері тарапына қайта бағдарлау сатысында екенін көреміз", – деді вице-министр.

Алик Айдарбаев энергия үнемдеу энергияның бір көзі болып отырғанын айтты.

"Энергия үнемдеу саясатының арқасында қауіпсіз және таза электр станцияларын салуға болады. Біздің еліміз үшін энергия тиімділігі тренді міндеттелді", – деді ол.

Осының негізінде Қазақстан энергия үнемдеуді 2020 жылға қарай 25%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға ұлғайтпақшы.  

Алик Айдарбаев ұлттық энергетика орталығы тізіміне энергия үнемдеу және энергия тиімділік бойынша бес жылдық жоспарды іске асыратын өндірістік кәсіпорындардың кіргенін еске салып өтті.

"2016 жылы бұл кәсіпорындар энергия үнемдеуге 41 млрд теңге қаражат салған, осының есебінен 936 мың тонна шартты отын үнемделген, ақшаға шаққанда бұл шамамен 6,3 млрд теңге болады. Сонымен бірге энергия тиімділігін арттыру үшін 2020 жылға дейін шамамен 318 млрд теңге қаражат салу жоспарланып отыр. Жалпы 3,6 млн тонна шартты отын үнемделеді деп жоспарлануда, мұны ақшаға шағатын болсақ, жыл сайын 63,5 млрд теңге үнемделеді. Энергия үнемдеу саясаты барысында жүргізілген саясат қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімге жұмсалған энергия 2011 жылға қарағанда 25%-ға азайған", – деді ол.

Дәл қазіргі уақытта Қазақстан энергиялық тиімділік шараларын енгізуге экономикалық ынталандыруды құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Мұны іске асыру үшін 2015 жылдың 14 шілдесінде немістің "Дена" энергетикалық агенттігімен энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, энергия сервистік ұйымдарды дамыту саласында стратегиялық серіктестік бойынша меморандумға қол қойылды.

"Стратегиялық инвестор және серіктес ретінде  Дүниежүзілік банк, БҰҰДБ, ЮСАИД, Азия банк тартылып отыр. Олармен бірлесіп 100 млн доллардың жобасы іске асырылып жатыр. "Жасыл" энергиялық тиімді жобаларды іске асыру үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінен 200 млн еуро тартылған. 2050 жылға қарай Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміне жұмсалатын энергияны екі есе азайту үшін энергияны үнемдеу саласына инвесторлар тарту, энергиялық тиімді жобаларды іске асыру үшін қаржылық қолдау құралын жасау, сондай-ақ елдің барлық өңірінде энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыруды одан әрі  дамытуға басымдылық беріледі", – деді вице-министр.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться