Кіріс комитетінің бүйрегі неге еуроға бұрды?

Сара Бухина Сара Бухина
2681

1 наурыздан бастап мемлекеттік кіріс комитетінің кедендік жинағының мөлшерлемесі теңгенің еуроға шаққандағы әлсіз кездегі бағамымен айырбасталады.

Кіріс комитетінің бүйрегі неге еуроға бұрды?

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитеті кедендік жинақ мөлшерлемесін еуродан теңгеге ауыстыратынын хабарлады. Бұл хабарламаны 17 ақпан күні қазыналық мекеме жариялады. Аbctv.kz мөлшерлемелерді салыстырып, әртүрлі бағалау бойынша кедендік жинақ мөлшерлемесінің 18-34%-ға артқанын көрнекі түрде көрсетті.

Мемлекеттік кіріс комитетінің хабарлауынша, "мөлшерлемені ұлттық валютаға айырбастау" кедендік әкімшілендіруді қысқарту мақсатында жасалған.

"Қазақстан Республикасы премьер-министрінің 2016 жылдың 13 ақпанындағы №32-р өкімімен бекітілген кедендік әкімшілендіруді қысқарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауда үкіметтің 2017 жылдың 13 ақпанындағы №56 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 21 қаңтарындағы №24 "Кедендік органдар алатын кедендік жинақ мөлшерлемесін бекіту туралы" кедендік жинақ мөлшерлемесін теңгемен бекітетін қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы қабылданды", – деп жазылған хабарламада.

Алайда теңгеге ауыстырылған жаңа мөлшерлеме жинағы еуромен жасалатын қолданыстағы тарифтік кестеден жоғары болып шықты. Ұлттық банктің еуропалық валютаның 20 ақпандағы (бір еуро үшін 339,1 теңге) ресми бағамын қайта есептеуде әртүрлі бағалау жөніндегі мөлшерлеменің теңгеге ауысқандағы өсімі 18,4%-дан 34%-ға жеткен.

Бұған берілген түсініктемеде жинақты теңгеге ауыстырғанда теңгенің еуроға қатысты бағамы тым төмен болды деп көрсетілген. Егер тарифтік кестеге сүйенер болсақ, осылайша өзгертуді енгізгенге дейінгі және одан кейінгі айналым бағамының шегі бір еуро үшін 402-454,5 теңге болған.

Кедендік жинақ мөлшерлемесін айырбастау осы жылдың 1 наурызына жоспарланған. Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, 2016 жылдың қорытындысында еуроның теңгеге нақты тиімді айырбастау бағамы (НТАБ) 5,3%-ға нығайған. Бағамның желтоқсан айында нығайғанына НТАБ қаржы реттеушісінің индекс статистикасы дәлел.

2016 жылдың қорытындысына жүгінсек, елдің мемлекеттік бюджетіне төленетін кедендік төлем 930,1 млрд теңге немесе барлық түсімнің 10,5%-ы (8,88 трлн теңге) болған. Осы бап бойынша кірістің негізгі бөлігі Ресеймен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО, 207,1 млрд теңге) аясында бөлінген шикі мұнайды (639 млрд теңге) әкелу бажы және кедендік баж есебінен түсіп отыр. Кедендік баж ЕЭО туралы келісімшартқа сәйкес өткен жылы 13,52 млрд теңге болған.

Сара Бухина