Бұл туралы Avianews.kz хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алғашқы 35 мың тонна шикізаттың партиясы KazTransOil компаниясынан 2025 жылдың 17 желтоқсанында жеткізілген болатын. Экспорт 2026 жылы да жалғасады. Жыл соңына дейінгі жалпы көлем 500 мың тоннаға дейін жетуі ықтимал.
Ферғана МӨЗ мәліметінше, өндірілген отын ішкі нарыққа бағытталады.
Жобаны Saneg JetWhites компаниясы жүзеге асырып отыр. Бұл – Өзбекстанның азаматтық авиация үшін өз отын базасын қалыптастыру стратегиясының бір бөлігі. Зауыт операторының сөзінше, кәсіпорын толық қуатына шыққанда елдің авиациялық керосинге деген ішкі сұранысының 70-80 пайызын қамтамасыз ете алады.
Еске салайық, Өзбекстан Jet A-1 маркалы авиациялық отынды сериялық өндіруді Ферғана МӨЗ-де 2025 жылдың 6 тамызында ресми түрде бастаған еді.
Алғашқы кезеңде ай сайын 10 мың тоннаға дейін өнім шығарылады, ал болашақта бұл көрсеткіш 20-25 мың тоннаға дейін ұлғаймақ. 2030 жылға қарай авиаотын өндірісінің жылдық көлемі 500 мың тоннаға жетуі мүмкін.