Станимир Стойлов: "Олимпиакос, әрине, фаворит. Дегенмен…"

4794

Грекиялық "Олимпиакос" командасымен өтетін Еуропа Лигасының  сырт алаңдағы ойыны басталмас бұрын, "Астана" футбол клубының бас бапкері ең алдымен өз қорғанысына үміттенеді. 

Станимир Стойлов: "Олимпиакос, әрине, фаворит. Дегенмен…"

19 қазан күні матч алдында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның футболдан қазіргі чемпионының жаттықтырушы Пирейге сапар – Еуропа Лигасының биылғы жылғы додасында "Астана" үшін ең жауапты ойын болатынын жасырмады.

Бұл кездесудің қиындығы, Станимир Стойловтың пікірінше, Грекияның 43 дүркін чемпионы және еуропалық жарыстардың тұрақты қатысушысы "Олимпиакос" осы топтың басты фавориті болып табылатындығында емес, "Астана" командасының қатарынан үшінші рет еліміздің чемпионы атануының шынайы мүмкіндігіне ие болуында.

Сонымен алға қойылған міндет –  ұлттық біріншіліктегі үш ойынның екеуін ұтса, бұл кем дегенде осы уақытқа дейін жеткен жетістікті сақтап қалуға  мүмкіндік береді, ал Грекиядағы ойында жеңіске жетсек не болмаса ойын нәтижесі тең түсіп жатса, бұл асығымыздың алшасынан түскені.

Станимир Стойлов баспасөз-маслихатында "Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта біз үшін маңыздысы - ұпай жинап, үшінші мәрте біріншілікте жеңіске жету. Сондықтан да "Олимпиакос" арасында өтетін ойында команда құрамын біршама өзгертуіміз мүмкін", - деп ашық айта отырып, бейсенбі күні алаңға қазақ командасы толық құрамда шықпауы мүмкін екенін айтты.  Сонымен қатар "Астананың" бас бапкері Пирейде өтетін ойыннан олжалы оралу мүмкіндігін жіберіп алмауға бел буған.

"Олимпиакос" - фаворит екені даусыз, бірақ мұны алдымыздағы тосқауыл деп санамаймыз және деңгейімізді барынша көрсетуге күш саламыз. Жеңіс тек фавориттердің үлесіне тие бермейді, сондықтан да біз де жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге тырысамыз", - деді бас бапкер.

"Астана" командасының бапкерлер штабы бұл мәселені қалай шешпекші?

Станимир Стойловтың топшылауынша, ойындағы қарсылас команда "агрессиялық футбол" әдісін ұстанып, гректер бірінші минуттан-ақ ойынды өз қолына алуға тырысуы мүмкін.

Еуропа Лигасының өткен жылғы турында "Олимпиакостың" өз алаңында кипрлық АПОЭЛ-дан ұтылысынан кейін бұл түсінікті де. Өйткені, өз алаңындағы екі ойында қатарынан ұпай жоғалту фаворитке абырой әпермейді.

Сырт алаңға шығатын команданың бапкері "Қорғанысты жақсы сақтаумен шектелгіміз келмейді", - деп гректердің шабуылына қарсы тұра алатын  қарапайым әдіс-тәсілдерді келтіре кетті.

"Олимпиакостың" басты шабуылдаушы, ал "Астананың" бірыңғай қорғануы сынды ойынның тактикасы сырт алаңда ойнайтын команданың  барынша күш жұмсауына алып келетіні де түсінікті.

Өткен аптада ұлттық біріншілік ойынында Қазақстанның Премьер-Лигасындағы басты қарсыласы алматылық "Қайраттан" ұтылғандықтан, астаналық клубтың құрамы мұндай ауыр ойын тәсіліне дайын ба? Бұл баспасөз-маслихатында көтерілген маңызды сұрақтардың бірі болды.   

Нәтижесінде "Қайрат" қоржынына үш ұпай қосып, бірінші орында келе жатқан "Астанамен" арадағы ұпай айырмашылығын едәуір қысқартып алды. Ал "Астана" командасының  екі алаңда қатар сайысқа түсу мүмкіндігіне күмән  келеді. "Жұмыс кестесі тығыз ба? Үш жылда біз осы деңгейде сайысқа түсуге үйрендік. Әрине, бұл оңай шаруа емес, егер Қазақстан футболдың Еуропа деңгейіне жетуге ұмтылатын болса, оған жету үшін осы қарқындағы бағдарлама қалыпты норма болып саналады. Команда спортшыларының көбі, сонымен қатар, құрама ойындарына да қатысатыны өз алдына – бұл кей жағдайларда олардың көңіл-күйіне әсер етеді", - деді  Станимир Стойлов.

"Олимпиакостың" бас бапкері Паулу Бенту, өз кезегінде, кездесу алдындағы баспасөз-маслихатында ЕуроЛигада "Олимпиакостың" АПОЭЛ-ден, ал ұлттық біріншілікте "Ларисадан"  жеңілуі  командадағы дағдарыстың нышаны емес дегенді дәлелдеуге тырыстып бақты. "Команданың ойынында тұрақтылық жоқ деп айта алмаймын, иә "Лариса" және АПОЭЛ-мен сайыста жеңілдік, алайда команда одан кейінгі ойындарда жеңіп, оның орнын толтырды. Командада тұрақтылық жоқ деп есептемеймін, команда жігерлігін көрсетуде", - деп мәлімдеді Паулу Бенту.  

"Олимпиакос" бапкері "Астана" командасына жақсы баға бере отырып, оны "үлкен іске жету үшін азды-көпті тәсіл қосуды қажет ететін команда" деп санайтынын айтты. Оның ойынша, "Астананың" нақты нені жақсартуға тиіс екенін португалдық маман ашып айтпады, өйткені алдағы уақытта өтетін Еуропа Лигасындағы ойында осы тұстарға  өз ойыншыларының назарын аудармақшы. "Қазіргі уақытта  бар ойымыз "Астанамен" арада өтетін ойында, команданың әлсіз әрі мықты тұстары бар. Кездесуде олардың әлсіз тұстарын пайдалануға тырысамыз", - деді Паулу Бенту.

Дегенмен де,  бапкер  "Олимпиакостың" жеңісті "Астанаға" оңайлықпен бере қоймасын мойындай келе, қазақ клубымен сайыста басты назар шабуыл жасауға берілетінін айтты. "Ертең  мүмкіндік берілген әрбір сәтті  гол салуға ұтымды қолданамыз деп үміттенеміз", - деп Паулу Бенту баспасөз-маслихатын қорытындылады.

Игорь Воротной, Астана 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу