Әйелдер арасындағы лудомания – үнсіз өршіп бара жатқан мәселе. Құмар ойынға тәуелділік тек қаржылық шығынға емес, отбасы берекесінің бұзылуына, психологиялық күйзеліс пен әлеуметтік оқшаулануға әкелуі мүмкін. Бұл репортажда лудоманияның әйелдер өміріне қалай әсер ететіні, оған не себеп болатыны және тәуелділіктен шығудың жолдары туралы мамандар арқылы баяндаймыз.