Қымыз бен құрт өндірісі

Павлодар қаласындағы қазақтың ұлттық сусынын өндіретін "Сағып" шаруа қожалығы 2001 жылы құрылған. Бастапқы кезде нәзік жанды кәсіпкер Төлеу Құшманова, оншақты бие сауып оның қымызын күнделікті тұрмысқа талғажау етіп келді. Жылдар өте шаруашылықты дамытып. Қамбар ата тұқымын бүгінде 250-ге жеткізген. Жаздың күні сауындағы бие саны 100-ге жуықтайды. "Сағып" 2011 жылдан бастап танымал бола бастады. Өйткені, дәл сол жылы "Бизнестің жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы арқылы несие алып шаруашылығын кеңейтті. Бүгінгі таңда тәулігіне мың жарым литрге дейін қымыз ашытып отыр. 2015 жылдан бастап шаруашылықтың екінші демі ашылды. "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы қол жеткізген 66 миллион теңгеге қымызды автоматтандырылған түрде құтыға құятын қондырғы алынып, цех кеңейді.

Спикерлер: Бақытбек Құсайын - сауыншы; Асхат Боранбаев - жылқышы; Төлеу Құшманова - шаруашылық басшысы; Махбу Азамат - құрт өндірісінің технологы; Жомарт Сембаев - "Атамекен" ҰКП Павлодар облыстық филиалының бөлім басшысы. 

Тілші: Есенбек Санатұлы.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу